Наурыз сөзі — парсыша — ну — «жаңа», рыз — «күн» деген ұғымды білдіреді. Қазақша «жаңа күн», «жаңа жыл», «көктем мерекесі» «ұлыс күн» немесе «ұлы күн» деген мағына береді. Қазақ ұғымында бұл күні аспан жұлдыздары бастапқы нүктелеріне келеді. Күн мен түн, жарық пен қараңғы теңеледі. Қыс ызғары қайтады. Төрт түлік мал төлдейді. Адамдардың аузы аққа тиеді. Мал аузы көкке тиеді, жер бетіне шаттық орнайды. Көктем құстары келеді. Қысқы ұйқыдағы жануарлар оянады. Осындай қасиетті күнді қазақ «Ұлыс күн» деп атаған. Наурызды мереке ретінде тойлау дәстүрі жер бетіндегі халықтардың бір қыдыруының тұрмыс салтында бар әдет. Нұқ пайғамбар заманынан басталған сан ғасыр санағынан өтіп, бізге жеткен Наурыз мерекесі қазақы салт-дәстүр, ырым-жырым, наным-сенім, кәделік жол-жоралғыларымен өңделіп, бүгінгі таңдағы ұрпағымызға мирас болардай, басқа ұлттарға даңқымызды көтеретін үлкен мереке, тіпті береке екеніне көзіміз жететін де болды. Осындай мереке қарсанында балабақшамызда әр топтарда мерекелік шаралар өтті. Осы өткізілген іс-шаралар, балалардың бойында Отаңға деген патриоттық сезімдерін ояту, өз елінің тарихын білуге, салт-дәстүрлерін дәріптеу мақсатында өткізілді. Кішкентай бүлдіршіндер бұл мерекеге өте қызыға қатысты, қара жорға биін билеп, арқан тартып, атқа мініп, теңге алып, қыз қуып, дастарханда жайылған ұлттық тағамдарымен танысты. Әр топтағы, бала жас ерекшелігіне сай өткізілген ертеңгіліктер мәнді мағлұматқа толы болды. Педагогтар бала бойына осы Наурыз мейрамы туралы білімдерін кеңейтуге, өз елінің тарихына, салт-дәстүрлеріне, ұлттық ойындарына деген сезімдерін оятуға тырысты.