Ақмола облысы білім беру департаментінің Целиноград аудандық білім беру бөлімі жанындағы Қажымұқан ауылының "Қошақан" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное казенное коммунальное предприятие "Ясли-сад "Кошакан" села Кажымукан при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023-2024 оқу жылының жылдық жоспар бойынша қорытынды есебі

06.06.2024

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қажымұқан ауылының «Қошақан» МКҚК бөбекжайының 2023-2024 оқу жылының

педагогикалық ұжым жұмысын талдау

 

МКҚК «Қошақан» бөбекжайының 2023-2024 оқу жылына арналған жылдық жұмыс қорытындысы.

Бөбекжай тақырыбы: «Әділетті Қазақстанға – сапалы білім, адал ұрпақ»

2023-2024 оқу жылының мақсаты: Балалардың эмоционалды әл-қуатын жақсарту үшін ортаны модельдеу; Білім сапасын арттырудың басты шарты ретінде педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру; Мектепке дейінгі сапалы білімді қамтамасыз ету үшін, мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиелеу мен дамытудың инновациялық педагогикалық технологияларын қолдану; Балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту; Балалардың коммуникативтік, танымдық, эмоционалды-әлеуметтік, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.

 

Міндеттері:

  1. физикалық дамытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу арқылы денсаулық құндылықтарын қалыптастыру.
  2. Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдылық мәдениетін қалыптастыра отырып,  жүйелі сөйлеуін дамыту бойынша заманауи әдістер мен нысандарды қолдану процесінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту сапасын арттыру.
  3. Отбасы мен бөбекжай екі жақты бірлесе отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын қалыптастыру құралы ретінде дидактикалық ойындар мен жаттығуларды қолдануға жағдай жасау.

 

Балалармен жүргізілген жұмыс.

      2023-2024 жылы бөбекжайдың жылдық жоспарына сәйкес қойған  мақсаттар мен міндеттерге жету үшін, барлық педагог мамандармен, ұжыммен жұмыс жасалды. Балалардың қажеттілігін қанағаттандыру, өмірі мен денсаулығын нығайту үшін жыл бойы қызықты мерекелік, спорттық іс- шаралар өткізіліп отырды.

Қыркүйек айының бірі күні Білім күніне орай барлық топтарда  «Білім күні» тақырыбында мерекелік ойын-сауық өтті. Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай  «Ана тілім - айбыным» тақырыбында ересек және мектепалды тотптарында интеллектуалдық ойын, кіші және ортаңғы топтарда танымдық сағат өтті.  «Денсаулық күніне» орай «Менің тату отбасым» отбасылық спорттық ойын-сауық өтті,  топ ата-аналары отбасымен сайысқа қатысты. Ата-аналар белсенді болды. «Жолда жүру  ережесін үйрету» тақырыбында әңгімелес барлық топ балаларымен жүргізілді. «Қызыл, сары, жасыл» деген тақырыппен көрме ұйымдастырылды. Мектепалды топ балалаларымен «Адал бол!» тәрбиелік  сағаты жүргізіліп, бейнеролик ата-аналар тобына жіберілді. Қыркүйек айының соңғы аптасында музыка жетекшісі ортаңғы топ балаларымен «Ертегімен қауышқан күн» тақырыбында муызкалық іс-шара өткізді. Кейіпкерлер келіп балалармен ертегі сомдалды. №1 топтық ата-аналар жиналыстары өтті. Кіші топта  «Томпаңдаған бөбегім, ертеңіңе сенемін!» тақырыбында, ортаңғы топтарда «Үш жас дағдарысының психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында, ересек және мектепалды топтарында «Альфа балалар. Балалардың қазіргі қызығушылықтары» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Өзекті деген ата-аналар сұрақтарына жауаптар берілді. Жаңа оқу жылына дайындық пысықталды.

Қазан айында қарттар күніне орай « Менің атам және әжем» тақырыбында балалардың ата-әжелерін құттықтау сәттерінен видео құттықтаулар бөбекжайдың ресми парақшасына жарияланды. Бірінші аптада «Жол» қозғалысындағы қауіпсіздік» апталығы өтті. Апталық аясында ата-аналар көмегімен «Жолда жүру» бұрышы құрылды. Екінші аптада дене шынықтыру нсұқаушысы ересек топтарымен «Епті бол» эстафеталық ойынын өткізді. Барлық топ тәрбиешілері «Өрт – бала көзімен» тақырыбында өрт қауіпсізідіге байланысты ойын-сауықтар және жаттығу өткізді. Жаттығу кезінде өрт болған жағдайда қалай бөбекжай ішінен тез шығуға болатынын көрсетті. «Өрт туралы не  білеміз?» топ тәрбиешілері әңгімелесу жүргізді. Жаттығу кезінде бала қандай ойда болғанын әңгімелесу барысында талқыланды. Бөбекжай психологы кіші топтармен «Ойыншықтар әлемі» іс-шарасын өткізді. Үшінші аптада 25-қазан – Республика күні «Қыран елім - Қазақстаным» тақырыбында тәрбиешілер, музыка жетекшісі, хореограф бірлесіп салтанатты жиын өткізді. Төртінші аптада барлық топтарда «Күз байлықтары» ертеңгіліктері өтті. Бесінші аптада музыка жетекшісі ересек топтармен «Ойын және музыка» рөлді, шығармашылық және дидактикалық ойындар тақырыбында іс-шара өтті. «Күз сыйы» қол бұйымдары көрмесі ата-аналар көмегімен ұйымдастырылды.                       

Қараша айында ересек және мектепалды топтары балалары арасында  «Достарыма арналған сыйлық» психологиялық акциясы өтті. Акция аясында абалалар өз достарына сылық дайындап, достыққа байланысты түрлі қызықты ойындар ойнады. Дене шынықтыру нұсқаушысы «Денсаулыкты калай сақтаймыз» акциясы аясында балалармен ғана жұмыс жасап шектелмей, бөбекжай қызметкерлеріне арналған да спорттық шаралар өткізді. Бір апта бойы бөбекжай қызметкерлері спорттық киіммен жүрді. Екінші аптада ортаңғы топтарда «Қызыл, сары, жасыл» ойын-сауығы өтті. Музыка жетекшісі ересек топ балаларымен «Ырғақты ойындар» сауығы өтті. Дене шынықтыру нұсқаушысы, барлық топ тәрбиешілері үшінші аптада «Өрт кауіпсіздігі» ойын-сауығын өткіздім. Төртінші аптада топ тәрбиешілері, музыка жетекшісі, хореограф ұйымдастыруымен «Таланттарды іздейміз» іс-шарасы өтті. Іс-шара аясында бірнеше балалар өздерін ән, би, сурет, құрастырмалы ойындардан өз шеберліктері мен қабілеттерін көрсетті. Ең мықты болған балалар дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды. Дене шынықтыру нұсқаушысы, мектепалды тобы балаларымен «Алға балақай!» мерекелік шарасы өтті. Барлық педагогтарының қатысуымен «Балабакшадағы бір күнім» ашық есік күні өтті. Топ ата-аналарының қолдауымен «Тәуелсіз елім» көрмесі ұйымдастырылды.  Көлемді, 3D макеттер, кескіндемелер жасап алып келді.

 Желтоқсан айында ортаңғы топ балаларымен дене шынықтыру нұсқаушысы «Алақай, қыс келді» спорттық шарасын өткізді. Екінші аптада психолог «Менің берекелі аптам» акциясы аясында дүйсенбіден жұмаға дейін жоспарлап  балалар мен бөбекжай педагогтары мен қызметкерлерінің арасында қызықты іс-шаралар өткізді. Үшінші аптада музыка жетекшісі, хореограф, барлық топ тәрбиешілері ұйымдастыруымен «Әділетті Қазақстанға – адал ұрпақ» акциясы өтті. Акция аясында 25-қазан Республика күніне арналған танымдық сағаттар өткізілді. Барлық топтың ұйымдастыруымен 25-қазан – Республика күніне орай «Тәуелсіз елім- Қазақстаным!» салтанатты жиын өтті. Акция аясында ортаңғы, ересек, мектепалды топ балалары арасында «Мен елімнің ұланымын» патриоттық мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Сайыс соңында балалар дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды. Үш санат бойынша балалар өз мәнерлеп оқу қабілеттерін шыңдады. Бесінші аптада барлық топтарда «Төрлет құтты жаңа жыл!» тақырыбында ертеңгіліктер ұйымдастырылды.  Барлық топ тәрбиешілері ата-аналармен «Жасыл шырша жанында...» қол бұйымдары көрмесін дайындады.

Қаңтар айының бірінші аптасында психолог ересек, МАД топтары балаларымен «Қыстың әсем бейнелері» тақырыбында акция өткізді. Бөбекжай ішінде қыс мезгіліне сәйкес ойындар ойнатылып, бөбекжай ауласында әр топ тәрбиешісі өз тәрбиеленушілерімен қардан түрлі бейнелер жасап шықты. Екінші аптада топ тәрбиешілері «Мен ұқыпты жүргінші» тақырыбында әңгімелесу жүргізді. Мектепалды топтарында «Жол  жүргіншілердің жолдан өту ережесін сақтау міндеті» тақырыбында әңгімелесу жүргізілді. Ересек топтармен викториналық  кеш: «Өрт сөндірушіге не қажет?» тақырыбында өтті. Үшінші аптада Арт бірлестігінің ұйымдастыруымен ART  апталығы өтті, бірлестік мүшелері балалармен дәстүрден тыс іс-әрекеттер ұйымдастырды. Бөбекжай педагогтарымен медитациялық ойындар, түрлі қисынды сұрақтар қойылып пікір алмасты. Музыка жетекшісі педагогтермен оркестр ұйымдастырды, тағы басқа да психологиялық ойындар ойнатылды. Үшінші аптада «Денсаулық күні» аясында отбасылық эстафеталық жарыс: «Қысқы ермек» өтті. Топ балалары өз ата-анасымен келді. Таза ауада қысқы ойындар ойнады, ата-аналар өте белсенді қатысты. «Үздік дамытушы орта» байқауы өтті, байқау аясында топтардың дамытушы орталықтардың жабдықталуы тексерілді. Байқау нәтижесі мамыр айында

         Қаңтар айының соңғы аптасында «Бөбекжайдың  үздік педагогі-2024» байқауы өтіп, байқауға 11 педагог қатысты. Бес кезең бойынша бақтарын сынады. Байқау қорытындысы бойынша тәрбиеші Жумаганбетова С.Ж. «Үздік бөбекжай педагогі - 2024» атағын алса, «Балдәурен» тобының тәрбиешісі Өсер Г.Б.  жүлделі бірінші орынды иеленді. «Балапан» тобының тәрбиешісі Г.Т. Алдашова екінші орын, педагог-психолог У.М. Бегалиева үшінші орын алды.  Бөбекжай қызметкерлеріне арналған спорттық жарыс: « Біздің  таңдауымыз – жемқорлықсыз болашақ!» тақырыбында әдіскер, дене шынықтыру нұсқаушысы тәрбиеші көмекшілері мен басқа да қызметкерлермен ойындар мен психологиялық жаттығулар өткізді.

Ақпан айының бірінші аптасында психолог ата-аналар, балалар, педагогтер қатысуымен «Біздің өміріміз мейірімді және тату болсын!» тақырыптық іс-шара ұйымдастырылды. Екінші аптада математика бірлестік мүшелері Математика апталығын өткізді. Апталық аясында математикалық ҰІӘ-тер, танымдық ойындар жүргізілді. Педагогтермен шеберлік сағаттарын өткізді. Екінші аптада барлық топта «Сиқырлы жол белгілері» жарысы өтті. Үшінші аптада «Мен және менің өнерлі отбасым» Дәстүрден тыс заттар арқылы үй жағдайында көңілді оркестр құру мақсатында муызка жетекшісі ата-аналармен жұмыс жүргізді.  Ақпан айында екінші ата-аналар жиналысы өткізілді. Кіші топтар «Балалардың тілін дамытуда ұсақ қол моторикасының маңызы» тақырыбында, ортаңғы топ «Дамуы мен сөйлеуі тежелген балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау» тақырыбында, ересек және МАД топтары: «Баланы бұзуға, түзеуге болатын бір ғана шарт – жас күнде көрген өнеге» тақырыбында өткізді. Барлық жиналыстың хаттамалары жазылды. Төртінші аптада бөбекжайда ашық есік күні болды. «Мектепке дейінгі ұйымда ата-аналардың педагогтармен бірлескен іс-әрекеттер көрсетілді.

Ақпан айының соңғы аптасында «Көктемгі гүлшоғы» қол бұйымдары көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: аналар мерекесін дәріптеу, қыздар мен әжелерге гүл шоқтарын дайындау.

Наурыз айының бірінші аптасында Алғыс айту күніне орай «Бәріне рақмет» видеочелленджге қатысты. Ата-аналар мен балалар бөбекжайға алғыс айтып, видеоқұттықтау жолдады. Барлық топтарда «Ана гүл, ана-жыр, ана-өмір шуағы!» ертеңгіліктері өтті. Екінші аптада Ұлттық мұра бірлестігі «Ұлттық құндылық – ұлт болашағы» тақырыбында ұлттық құндылықтарға байланысты қызықты ойындар, танымдық сағаттар, ұйымдастырылған іс-әрекеттер өткізді, педагогтерге арналған шеберлік сағаттарын өткізді. Үшінші аптада барлық топтарда «Ұлыс оң болсын!» ертеңгіліктері өтті. Дене шынықтыру нұсқаушысымен барлық топтар арасында «Ханталапай»  ұлттық ойындар байқауы өтті. Байқауға ата-аналар, педагогтер және балалар қатысты. Төртінші аптада дене шынықтыру нұсқаушысымен «Ұлттық ойындар» спорттық мерекесі өтті. Барлық топ балаларымен ұлттық ойындардан сайыстар өтті. Төртінші аптада психолог ұйымдастыруымен «Бақытты балалық шақ!» психологиялық акция өтті. Акция кіші топ балаларымен өткізілді.

Сәуір айының бірінші аптасында бөбекжай психологы мектепалды топпен «Мен және менің достарым» шарасын өткізді. Ересек топ балаларымен «Бағдаршам   емтиханы» ойын-сауығы өтті. Ойын-сауық барысында жолда жүру ережесі бойынша білімдері шыңдалды. Ортаңғы топ балаларымен «Өрт сөндіру  көлігі» ойын-сауығы өтті. Өрт қауіпсіздігі туралы білімдері шыңдалды. Екінші аптада Жаратылыстану бірлестігінің «Тәжірибе алаңында...» Түрлі-түсті құмдар, жармалар дайындау тақырыбында апталық өткізді. Апталық аясында балалармен ұйымдастырылған іс-әрекеттер, дәстүрден тыс іс-әрекеттер және педагогтермен бірге түрлі жармалара мен жармаларды бояу тәсілдерінен шеберлік сағатын өткізді. Ғарышкерлер күніне орай барлық топтарда «Ғарышкерлер күні» танымдық сағаты өтті. Үшінші аптада дене шынықтыру нұсқаушысымен «Біз көңілді баламыз» мерекелік шарасы өткізілді. Төртінші аптада барлық топтарда «Мен бәріне бейбітшілік тілеймін!» мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Төртінші аптада барлық топ тәрбиешілері мен музыка жетекшісі, хореограф ұйымдастыруымен «Екі жұлдыз» байқауы  өтті. Байқауға тәрбиеші мен тәрбиеленуші дуэттері қатысты. Сәуір айының соңында топтық ата-аналар жиналыстары өтті. «Міне, біз де есейдік» кіші топтар,

«Біз, бір жасқа есейдік». Балалардың жыл ішіндегі жетістіктері. Ортаңғы, ересек топтары

«Біз мектепке барамыз!» МАД топтарында қорытынды жиналыстар өтті.

Мамыр айының бірінші аптасында аудандық семинар өтті. Семинарға тәрбиеленушілер өте жақсы қатысты. Екінші аптада 7-мамыр «Отан қорғаушылар» күніне орай ересек және МАД топ балалары арасында «Біз- батыр елдің ұланымыз!»  «Бейбітшілік қорғанында!» апталығы өтті. Апталық аясында спорттық ойындажарысы, ұйымдастырылған іс-әрекеттер, танымдық сағаттар ұйымдастырылды.Үшінші аптада «Көктемгі дала» эстафеталық жарысын дене шынықтыру нсұаушысы ұйымдастырды. Төртінші аптада «Біз мектепке барамыз» балабақшамен қоштасу ертеңгіліктері өтті. «Айгөлек» мектепалды тобы бөбекжаймен қоштасу ертеңгілігін өткізді.  

Педагогтардың кәсіби, теориялық, әдістемелік және іскерлік біліктілігін көтеру.

Мақсаты: Кәсіптік біліктілікті көтеру, шығармашылық белсенділігін дамыту, жаңа педагогикалық технологияны іздеу және енгізу, оқыту-тәрбиелеу үрдісін жоғары сатыға көтеру, жетілдіру.

Жылдық жоспар бойынша тәрбиешілер, педагогтар  бір-бірімен тәжірибе алмасу мақсатымен педагогикалық байланыс орнатты. Жас педагогтар өз тәлімгерлерімен тығыз байланыста болып, күнделікті кіріктірілген іс-әрекеттерді ұйымдастыруда пікір алмасып отырды.

«Мектепке дейінгі ұйымның барлық педагог қызметкерлер арасында

«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» аудандық байқауына С.Ж. Жармаганбетова қатысып, жүлделі II – орынға ие болды.

Барлық әдістемелік сағаттар, педагогикалық кеңестер уақытында өтті, барлық уақытта педагогтар өз тәжірибелерімен бөлісіп шеберлік сағаттарын өткізіп отырды. Өз біліктіліктерін көтеруге төрт педагог өтініш білдірді. Тамыз айында тестілеуге барады.

Төмендегі педагогтар өз біліктіліктерін көтеру мақсатында қайта даярлау курстарын оқыды:

1. Утегулова А.У. ҚР оқу-ағарту министрлігі. Ерте жастан дамыту институты. «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыруда мектепке дейінгі білім берудегі басқару және менеджмент» 72 а/с. 13.11-21.11.2023 ж.ж.

2. Донбаева Э.Б. ҚР оқу-ағарту министрлігі. Ерте жастан дамыту институты. «Мектепке дейінгі ұйымдас басқарудың тиімді менеджменті» 80 а/с. 10.10.-18.10.2023 жыл

3. Искакова А.Б: Сертификат. «Мектепке дейінгі ұйымның музыкалық жетекшісінің кәсіби құзіреттілігін дамыту» 72 академиялық сағат көлемінде өткендігін растайды.  Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы. № 0743624. 08.04-18.04.02024 жыл

Эстетикалық цикл мамандарының облыстық семинар бағдарламасы «Балалардың әлеуметтік-эмоционалды дағдыларын қалыптастыру үшін, шығармашылық білім беру саласының заттық-кеңістіктік дамытушы ортасын ұйымдастыру . «Музыкаграмма» Шебер-сынып. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы. Көкшетау қаласы. 2024 жыл. Тәжірибе алмасу.

4. Доскеева А.К.: 2023ж. «16» тамыздан 2023ж. «22» қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Халықаралық білім беруді дамыту академиясында оқып, «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеші» куәлігі. 504 академиялық сағат

5. Доскеева А.К. ҚР оқу-ағарту министрлігі. Ерте жастан дамыту институты. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру» 72 сағат көлеміндегі сертификат

6. Дунбаева А.К. ҚР оқу-ағарту министрлігі. «Ұлттық-ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК. «Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің, тәрбиешілері мен дене шынықтыру нсұқаушыларының кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту» тақырыбы бойынша 80 а/с біліктілікті арттыру курсы

7. Өсер Г.Б. ҚР оқу-ағарту министрлігі. Ерте жастан дамыту институты. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру». 07.08-17.08.2023 ж.ж. 72 а/с

8. Каратаева А.Н. ҚР оқу-ағарту министрлігі. Ерте жастан дамыту институты. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру». 07.08-17.08.2023 ж.ж. 72 а/с

9. Т.К. Кенжегалиева: Республикалық түзету педагогика және нейропсихология білім орталығы «Дифференционалды логопедиялық  массаж. Тұтықпа»

10. А.Н. Каратаева: 2023ж. «16» тамыздан 2023ж. «22» қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Халықаралық білім беруді дамыту академиясында оқып, «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеші» куәлігі. 504 академиялық сағат

 

Балабақшаның оқу-тәрбие жұмысын басқару және бақылау.

Мақсаты: Педагогикалық ұжымды басқару стилі мен әдісін жетілдіру, бағдарламаның барлық бөлімі бойынша оқу-тәрбие үрдісіне нақты талдауды қамтамасыз ету. Балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жағдайды жақсарту.

Жоспар бойынша 9 тақыраптық, 9 оперативті, 7 салыстырмалы,  4 алдын -алу, 1 ескертушілік бақылау жоспарланып, 2 тақырыптық, 1 оперативті, 1 салыстырмалы бақылау түрлі себептерге байланысты өткізілмеді. 

2023-2024 жыл бойы  педагогтар мен тәрбиеленушілер әр-түрлі байқауларға қатысып, облыстық, республикалық деңгейде жүлделі орын алып, өздерінің кәсібилігін көрсете алды. Олардың ішінде:

Алтын глобус» халықаралық білім мен ғылым және мәдениетті дамытудың оқу-әдістемелік, ғылыми-инновациялық академиясы.

Сертификат. 03-06\15-273. ҚР Білім беру саласындағы үздік қызметкерлердің «Құрмет кітабы» республикалық энциклопедиясына енгендігін растайды. Басшы А.С Шүйіншәли  11 шілде,2023ж – тәрбиеші А.И. Аманкулова

2023ж  Құрмет кітабы

 «Алтын глобус» халықаралық білім мен ғылым және мәдениетті дамытудың оқу-әдістемелік, ғылыми-инновациялық академиясы.

Құрмет грамотасы. 03-16\16-273.  Білім беру саласындағы жеке және кәсіби жетістіктері,білім алушылардың оқуы мен тәрбиесі және шығармашылық дамуына қосқан үлесі үшін. Басшы А.С Шүйіншәли     11 шілде,2023ж – тәрбиеші А.И. Аманкулова

Целиноград аудандық білім бөлімі. 2023-2024 ж Мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Ханталапай» аудандық байқауына белсене қатысқаны үшін – тәрбиеші А.И. Аманкулова

        2024ж Мектепке дейінгі ұйымдар арасында өткізілген «Барлығына рахмет» Республикалық челленджіне балаларды жоғары кәсіби шеберлікпен дайындағаны үшін Ақмола облысы «Қошақан» бөбекжайы Алдашова Гулшахара Турдыгуловнаға алғыс білдіреміз. Директоры Г.Ойланбекқызы.

 Астана,2024  №1367  – тәрбиеші Г.Т. Алдашова 

2023-2024 ж Мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Ханталапай» аудандық байқауына белсене қатысқаны үшін  – тәрбиеші Г.Т. Алдашова 

Грамота- мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Ханталапай» аудандық байқауына белсенді қатысқаным үшін марапатталдым– тәрбиеші Г.Т. Боранбаева

Алғыс хат- мектепке дейінгі ұйымдар арасында өткізілген «Барлығына рақмет» республикалық челленджіне балаларды жоғары кәсіби шеберлікпен дайындағаным  үшін. – тәрбиеші Г.Т. Боранбаева

Сертификат. Астана әдістемелік орталығы. «Заманауи балабақша: теориядан іс-әрекетке» тақырыбындағы Республикалық форумға қатысқаны үшін – тәрбиеші Э.Б. Донбаева. РФ №023738. Астана қаласы, 2024 жыл

Грамота.  Целиноград аудандық білім бөлімі. Мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Ханталапай» аудандық байқауында «Тапқырлар мен ептілер» номинациясына ие болған  – тәрбиеші Э.Б. Донбаева

Грамота.  Целиноград аудандық білім бөлімі. Мектепке дейінгі ұйымдар арасында  «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» байқауында жүлделі ІІІ орынға ие болған тәрбиеленуші Байқоныс Батырхан – тәрбиеші Э.Б. Донбаева

Грамота.  Целиноград аудандық білім бөлімі. Білім беру саласын дамытуда қосқан зор үлесі, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі  табыстары, кәсіби шеберліктері, педагогикалық үрдістегі жетістіктері үшін – тәрбиеші Э.Б. Донбаева

Алғыс хат.  «Барлығына Рақмет» республикалық челленджіне қатысқаны үшін. – тәрбиеші Э.Б. Донбаева

Алғыс хат.  «Барлығына Рақмет» республикалық челленджіне қатысқаны үшін. – тәрбиеші А.К. Доскеева

Грамота. «Мен зерттеушімін» аудандық байқауында «Тапқыр зерттеуші» номинациясында Асылбек Айша, Тишбай Айару, Нуркина Айзере - тәрбиеші А.К. Доскеева

Целиноград аудандық білім бөлімі «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» аудандық байқауында жүлделі II – орынға ие болған – тәрбиеші С.Ж. Жармаганбетова

Сертификат 03-06/15-272.  «Алтын глобус»Халықаралық білім мен ғылым және мәдениетті дамытудың оқу-әдістемелік,ғылыми-инновациялық академиясы  ҚР Білім беру саласындағы үздік қызметкерлердің «ҚҰРМЕТ КІТАБЫ» республикалық энциклопедиясына енгендігін растайды. Берілген күні:2023жыл «11»шілде А:С.Шүйіншәли.  – тәрбиеші Г.К. Жумагамбетова

ҚҰРМЕТ  ГРАМОТАСЫ. «Алтын глобус»Халықаралық білім мен ғылым және мәдениетті дамытудың оқу-әдістемелік,ғылыми-инновациялық академиясы. 03-06/16-272. Білім беру саласындағы жеке және кәсіби жетістіктері,білім алушылардың оқуы мен тәрбиесі және шығармашылық дамуына қосқан үлесі үшін марапатталдым. Берілген күні:2023жыл «11»шілде А:С.Шүйіншәли. – тәрбиеші Г.К. Жумагамбетова

Диплом. «Үздік жетекші» «Әлемді аялаған-Ана» III республикалық  шығармашылық байқауына үздік шәкірттер дайындағаны үшін. Қазақстан Республикасы «Жеті Өнер» шығармашылық орталығы. Серия 0909 №0005632. 2024ж. – музыка жетекшісі А.Б. Искакова

Алғыс хат. Балаларды ерте  дамыту институты «Барлығына рахмет» челенджі Астана 2024ж.  № 1241. – музыка жетекшісі А.Б. Искакова

Сертификат. Х ХI ғасыр ұстазы атты біліктілікті арттыруға арналған семинар-тренингі. Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрлігі. «Ұлағат» дамушы ұстаздар орталығы. 2023 жыл UDO №4407

Құрмет грамотасы . Білім беру саласындағы жеке және кәсіби жетістіктері, білім алушылардың оқуы мен тәрбиесі және шығармашылық дамуына қосқан үлесі үшін. – музыка жетекшісі А.Б. Искакова                                                                                                                                 «Алтын глобус» Халықаралық білім мен ғылым және мәдениетті дамытудың оқу-әдістемелік , ғылыми инновациялық академиясы. 2023 жыл 03-06/ 16-271

Сертификат. ҚР Білім беру саласындағы үздік қызметкерлердің «Құрмет кітабы» республикалық энциклопедиясына енгендігін растайды.                          «Алтын глобус» Халықаралық білім мен ғылым және мәдениетті дамытудың оқу-әдістемелік , ғылыми инновациялық академиясы. 2023 жыл 03-06/ 15-271. – музыка жетекшісі А.Б. Искакова

Сертификат. «Ziatker.kz» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналының желілік басылымына оқу әдістемелік материал жариялағанын растайды.  Ашық сабақ «Ертегілер әлемінде»   №  MS 101705. 18.03.2024 жыл. – музыка жетекшісі А.Б. Искакова

Сертификат. «Ұстаз тілегі» Республикалық ғылыми-әдістемелік  журналының желілік басылымына оқу әдістемелік материал жариялағанын растайды.  Ашық сабақ «Музыка-сезім тілі»   №  MS 334096. 18.03.2024 жыл. – музыка жетекшісі А.Б. Искакова

Грамота.  «Шебер әке,өнерлі ана, еңбекқор бала» аудандық байқауына белсене қатысқаны үшін.  «Ақмола облысы Білім басқармасының Целиноград ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2024жыл. – музыка жетекшісі А.Б. Искакова

I дәрежелі диплом. Республикалық үздік педагогикалық идея байқауының жеңімпазы «Сергіту жаттығулары арқылы әуенді-қимыл қозғалыстарға  үйрету» тақырыбы бойынша авторлық бағдарлама ұсынған. Қазақстан Республикасы «Өркениет» ғылыми-әдістемелік орталығы. № B-11135 – музыка жетекшісі А.Б. Искакова

Диплом «Шығармашыл педагог» «Мәңгі жаса-жаңғырған ұлы далам!» II-Республикалық рухани-патриоттық байқау. - музыка жетекшісі А.Б. Искакова

Алғыс хат.  Ақмола облысы білім басқармасынан  – тәрбиеші Г.К. Кадирова

Грамота. «Мен зерттеушімін» аудандық байқауда жүлделі  III орынға ие болғаны үшін Кенжебек Айшат – тәрбиеші Г.К. Кадирова

Грамота «Мен зерттеушімін» аудандық байқауда жүлделі  III орынға ие болғаны үшін Полатов Алиибай – тәрбиеші Г.К. Кадирова

Грамота.  «Мен зерттеушімін» аудандық байқауда жүлделі  III орынға ие болғаны үшін Қабдолла Айбар – тәрбиеші Г.К. Кадирова

  Грамота.  «Мен зерттеушімін» аудандық байқауда жүлделі  III орынға ие болғаны үшін Есен Айерке – тәрбиеші Г.К. Кадирова

Грамота «Мен зерттеушімін» аудандық байқауда жүлделі  III орынға ие болғаны үшін Еркін Нұрмұхамбет – тәрбиеші Г.К. Кадирова

«Құрмет кітабы». «Алтын глобус» халықаралық  білім мен ғылым және мәдениетті дамытудың оқу- әдістемелік, ғылыми-инновациялық академиясы – логопед К.Т. Кенжегалиева

ГРАМОТА. «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданының білім бөлімінің жанындағы» Мектепке дейінгі ұйымдар арасында «ХАНТАЛАПАЙ» аудандық байқауына белсенді қатысқаны үшін – тәрбиеші Өсер Г.Б.

ГРАМОТА. «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданының білім бөлімінің жанындағы» Мектепке дейінгі ұйымдар арасында «ШЕБЕР ӘКЕ, ӨНЕРЛІ АНА, ЕҢБЕКҚОР БАЛА» аудандық байқауына белсенді қатысқаны үшін – тәрбиеші Өсер Г.Б.

ҚР Оқу ағарту министрлігі «Балалар  ерте дамыту институты»РММ

АЛҒЫС ХАТ. Мектепке дейінгі ұйымдар арасында өткізілген «БАРЛЫҒЫНА РАҚМЕТ»  республикалық челенджіне балаларды жоғары кәсіби шеберлікпен дайындағаны үшін – тәрбиеші Өсер Г.Б.

ГРАМОТА. «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданының білім бөлімінің жанындағы» Мектепке дейінгі ұйымдар арасында «ХАНТАЛАПАЙ» аудандық байқауына қатысып ІІІ орынға ие болған – Дене шынықтыру нұсқаушысы А.К. Дунбаева

ГРАМОТА. «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданының білім бөлімінің жанындағы» Мектепке дейінгі ұйымдар арасында «ХАНТАЛАПАЙ» аудандық байқауына қатысып ата-аналарды тартып «Үздік ойыншылар» номинациясына ие болған үшін – Дене шынықтыру нұсқаушысы А.К. Дунбаева

АЛҒЫС ХАТ. ҚР Оқу ағарту министрлігі «Балалар  ерте дамыту институты»РММ.Мектепке дейінгі ұйымдар арасында өткізілген «БАРЛЫҒЫНА РАҚМЕТ»  республикалық челенджіне балаларды жоғары кәсіби шеберлікпен дайындағаны үшін – тәрбиеші А.Н. Каратаева

Сертификат. Ақмола облыстық «Үздік психолог кабинеті» байқауына қатысып, белсенді қатысқаны үшін деген сертификатталған – психолог У.М. Бегалиева

Алғыс Хат – « Целиноград ауданы білім бөлімі» мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Өнеріміз саған- Қазақстан» аудандық фестифаліне белсене  қатысқаны үшін, «Батырлар» ұлдар биі – би жетекшісі А.Д. Абуталипова

Алғыс Хат – « Целиноград ауданы білім бөлімі» мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Өнеріміз саған- Қазақстан» аудандық фестифаліне белсене  қатысқаны үшін, «Қамажай» қыздар биі – би жетекшісі А.Д. Абуталипова

 

Тәрбиеленушілердің жетістіктері

Грамота.  Целиноград аудандық білім бөлімі. Мектепке дейінгі ұйымдар арасында  «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» байқауында жүлделі ІІІ орынға ие болған тәрбиеленуші Байқоныс Батырхан – тәрбиеші Э.Б. Донбаева

Диплом-2023-2024 ж Мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Шебер әке,өнерлі ана,еңбекқор бала» аудандық байқауында жүлделі III- орынға ие болғаны үшін  Серік Жәнібек Нұрболатұлы, Серік Керей Нұрболатұлы марапатталады.

Диплом-2024ж   ҚР «Жеті өнер»шығармашылық орталығы Диплом дәрежелі лауреат «Әлемді аялаған-ана» III-Республикалық шығармашылық байқауында бақ сынап, дарындылығымен,талантымен топ жарған

Серік Батырхан,Назымбек Айзере, Жұмаділ Алуа,Еділ Азиза, Еркебұлан Хан марапатталады. 26 наурыз,2024ж

Диплом-Балалардың шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында бөбекжайда ұйымдастырылған «Жайдарды жаз» сурет байқауында 339дауыс және 311 комментарий  жинап «БАС ЖҮЛДЕ»  иеленгені үшін «Айгөлек» мектепалды даярлық тобы марапатталды.

Диплом- Балалардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін ашу мақсатында ұйымдастырылған «Таланттарды іздейміз» сайысына қатысып, өз талантымен танылған Асхатқызы Сезім, Нуркина Айзере, Есен Айерке, Боранбай Арлан, Кенжебек Айшат, Қуанышов Али, Асылбек Айша, Хұрмет Аян, Құстай Аяла

марапатталды.

Диплом- Тәуелсіздік мерекесіне орай өткізілген «Мен - елімнің ұланымын» патриоттық мәнерлеп оқу сайысында Еркін Нұрмұхаммед -1 орын, Асылбек Айша -2 орын, Асхатқызы Сезім -2 орын, Уажғали Дінислам -3 орын, Есен Айерке - 3 орын марапатталды.

Грамота- Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Мен зерттеушімін» аудандық байқауына белсенді қатысқаны үшін тәрбиеленуші Боранбай Арлан, Аманжол Қадыр, Нуркина Айзере марапатталды.

Грамота. «Мен зерттеушімін» аудандық байқауында «Тапқыр зерттеуші» номинациясында Асылбек Айша, Тишбай Айару, Нуркина Айзере

Грамота. 2023-2024 ж Мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Шебер әке,өнерлі ана,еңбекқор бала» аудандық байқауында жүлделі III- орынға ие болғаны үшін  Есен Айерке,Манат Батыр,Ахадқызы Сезім марапатталды 

Грамота. Мухамбетқали Ерали «Әкем –менің мақтанышым!»аудандық байқауында 1 орын

Грамота. Жұмағазы Әмина «Ана,Әжем және мен!» сайысына Ақ жаулықты әжесімен,анасымен қатысып,аудан көлемінде жүлделі 2орын

Грамота. Мухамбетқали Ерали «Ханталапай»,» «Мен зерттеушімін» байқауларына қатысқаны үшін

Грамота. «Замадин Аяулым «Шебер әке,өнерлі ана, еңбекқор бала» аудандық байқауына белсене қатысқаны үшін  мақтау қағазымен марапатталды    

Хұрмет Аян  I дәрежелі диплом.  «Тәуелсіздік – бастауы бар бақыттың» республикалық «Дара» өнер- білім орталығының ұйымдастыруымен.                               № 24228. 2023 жыл

Асылбек Айша  I дәрежелі диплом.  «Тәуелсіздік – бастауы бар бақыттың» республикалық «Дара» өнер- білім орталығының ұйымдастыруымен.                                № 24230. 2023 жыл

Кенжебек Айшат  I дәрежелі диплом.  «Тәуелсіздік – бастауы бар бақыттың» республикалық «Дара» өнер- білім орталығының ұйымдастыруымен.                             № 24229. 2023 жыл

Еркебұланұлы Хан II дәрежелі лауреат. «Әлемді аялаған-Ана» III республикалық  шығармашылық байқау. Қазақстан Республикасы «Жеті Өнер» шығармашылық орталығы. Серия 0909 №0005632. 2024ж

Назымбек Айзере  II дәрежелі лауреат. «Әлемді аялаған-Ана» III республикалық  шығармашылық байқау. Қазақстан Республикасы «Жеті Өнер» шығармашылық орталығы. Серия 0909 №0005632. 2024ж

Жұмаділ Алуа II дәрежелі лауреат. «Әлемді аялаған-Ана» III республикалық  шығармашылық байқау. Қазақстан Республикасы «Жеті Өнер» шығармашылық орталығы. Серия 0909 №0005632. 2024ж

Еділ Азиза  II дәрежелі лауреат. «Әлемді аялаған-Ана» III республикалық  шығармашылық байқау. Қазақстан Республикасы «Жеті Өнер» шығармашылық орталығы. Серия 0909 №0005632. 2024ж

Серік Батырхан  II дәрежелі лауреат. «Әлемді аялаған-Ана» III республикалық  шығармашылық байқау. Қазақстан Республикасы «Жеті Өнер» шығармашылық орталығы. Серия 0909 №0005632. 2024ж

Асылбек Айша. Мадақтама. Мектепке дейінгі ұйымдар  арасында «Өнеріміз саған-Қазақстан!» аудандық фестиваліне белсене қатысқаны үшін. Целиноград ауданы білім бөлімі. 2023 жыл.

Хурмет Аян. Мадақтама. Мектепке дейінгі ұйымдар  арасында «Өнеріміз саған-Қазақстан!» аудандық фестиваліне белсене қатысқаны үшін. Целиноград ауданы білім бөлімі. 2023 жыл.

– тәрбиеші Г.К. Кадирова

Грамота.  «Мен зерттеушімін» аудандық байқауда жүлделі  III орынға ие болғаны үшін Кенжебек Айшат педагог Кадирова Г.К

Грамота.  «Мен зерттеушімін» аудандық байқауда жүлделі  III орынға ие болғаны үшін Полатов Алиибай педагог Кадирова Г.К

Грамота.  «Мен зерттеушімін» аудандық байқауда жүлделі  III орынға ие болғаны үшін Қабдолла Айбар педагог Кадирова Г.К 

Грамота.  «Мен зерттеушімін» аудандық байқауда жүлделі  III орынға ие болғаны үшін Есен Айерке педагог Кадирова Г.К 

Грамота.  «Мен зерттеушімін» аудандық байқауда жүлделі  III орынға ие болғаны үшін Еркін Нұрмұхамбет педагог Кадирова Г.К 

Грамота. «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала»  аудандық байқауынада қатысқаны үшін Ғарифолла Айару грамотамен марапатталды

Алғыс Хат – « Целиноград ауданы білім бөлімі» мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Өнеріміз саған- Қазақстан» аудандық фестифаліне белсене  қатысқаны үшін, «Батырлар» ұлдар биі – би жетекшісі А.Д. Абуталипова

Алғыс Хат – « Целиноград ауданы білім бөлімі» мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Өнеріміз саған- Қазақстан» аудандық фестифаліне белсене  қатысқаны үшін, «Қамажай» қыздар биі – би жетекшісі А.Д. Абуталипова

 

3 мамыр күні аудандық семинар өтті. Семинар тақырыбы: «Балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтары негізінде толыққанды дамыту». Барлық педагогтар ҰІӘ-ін көрсетті, шеберлік сағаты, психологиялық тренингі, концерттік бағдарлама өтті., сонымен қатар «Балдырған-2013» ЖШС жекеменшік балабақшасы көрме ұйымдастырды.  Семинар соңында барлық педагогтар сертификаттармен марапатталды.

Целиноград аудандық білім бөлімі ұйымдастырған барлық байқауларға қатысты, жүлделі орындарға ие болды.

 

Мектепалды топ түлектері жайлы ақпарат

(2023-2024 оқу жылы)

Түлектер саны:

20 бала -2024 жыл

 

№1 педкеңес 

Тақырыбы: «Жаңа оқу  жылындағы бөбекжай   қызметінің негізгі бағыттары»

Мақсаты: «2023-2024 жаңа оқу жылында тәрбиелеу- оқыту жұмысын  ұйымдастыру». Жазғы сауықтыру-шынықтыру  іс-шараларының атқарылған

жұмыстарын талқылау, қорыту. Педагогикалық кеңестің шешім        жобасын қабылдау және бекіту

1. 2023– 2024 оқу жылына арналған жылдық жоспарды    бекіту.

2. Аттестациядан өтетін педагогтардың тізімін анықтап,  бекіту, комиссияның  құрамын  сайлау

3. Коучинг «Мен 2023-2024 жылы...»

4. Психологиялық тренинг. Бөбекжай психологі Ұ.М. Бегалиева

№2 педкеңес 

Тақырыбы: «Бала денсаулығын сақтаймыз және   нығайтамыз»

Мақсаты: қауіпсіздік  ережелеріне сүйене отырып, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау, шынықтыру іс-шараларын   ұйымдастыру, №1 педагогикалық кеңесте  қабылданған шешімдерінің орындалуы.

1.«Бөбекжайда балалардың дене бітімінің жан жақты дамуына  жағдайлар  туғызу»- тақырыбында баяндама. Медбике Исмаилова А.Е.

2.«Баланың сөйлеу тілін дамытатын жаттығулар» - Кенжегалиева Т.К.  

логопед

3.  «Баланың денсаулығы бүгінгі таңда…..» - педагогикалық пікірталас

4.  «Балалар дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ойынның атқаратын  рөлі»-   Дунбаева А.К. қимылды ойындар

5.  «Спорт және экология» шеберлік сағаты Г.Б. Өсер

6.   Тренинг

№3 педкеңесте 

Тақырыбы: Көркем шығармалар қойылымдары мен инт                           еллектуалдық ойындар арқылы баланың сөйлеу тілін,  қарым-қатынас мәдениетін дамыту және логикалық ойлау  қабілеттерін арттыру.

Мақсаты: педагогикалық  ұжымның осы бағыттағы жұмыстарының жетістіктері мен  кемшіліктерін түзету жолдарын  белгілеу. № 2 педагогикалық кеңесте  қабылданған шешімдерінің орындалуы.

1.2023-2024 оқу жылындағы балалардың қаңтар айындағы

білім деңгейлерінің     сараптамасы

2. Баяндама: «Көркем шығармалар қойылымдары мен интеллектуалдық ойындар»  Алдашова Г.Т.

4. Іс-тәжірибе: «Ойнай жүріп   ойлайық» Боранбаева Г.Т.

5. «Ертегі сыр шертеді» шеберлік   сағаты Каратаева А.Н.

Көрме: Фетден жасалынған көрнекіліктер

Педагогикалық кеңестің шешім

жобасын қабылдау және бекіту.

Педагогикалық кеңестің шешім     жобасын қабылдау және бекіту.

№4 педкеңесте 

Тақырыбы: «Бөбекжайдағы іс-әрекет  процесі»

Мақсаты: педагогикалық    ұжымның жұмыстарының жетістіктері мен кемшіліктерін                        түзету жолдарын белгілеу. № 3 педагогикалық кеңесте  қабылданған шешімдерінің орындалуы.

1.Баяндама: «Инновациялық технология арқылы балалардың шығармашылық- танымдық қабілеттерін дамыту» Г.К. Кадирова

2.«Сөйлейтін қабырға» стенді бойынша шеберлік сағаты Г.К. Жумагамбетова

3. «Менің педагогикалық жаңалығым» А.Б. Искакова

4.  «Инновациялық әдіс-тәсілдер» шеберлік сағаты. Жармағамбетова С.Ж.

Педагогикалық кеңестің шешім     ін қабылдау және бекіту.

№5 педкеңесте 

Тақырыбы: «Өткен оқу жылындағы педагогикалық       ұжым      жұмысының нәтижелілігі»

Мақсаты: МДМ-де барлық іс-әрекеттер нәтижесін және әр                  педагогтың жекеше ісін қорытындылау, тәрбие-білім беру жұмысының  бірнеше  түрлерін көрсете  алуы, оның   нәтижесі. № 4 педагогикалық кеңесте қабылданған шешімдерінің  орындалуы. 1.Педагогтардың жыл бойы істелінген жұмыстар бойынша                             есеп, тәлімгерлер жұмысының есебі.

2.2023-2024 оқу жылының мамыр айындағы балалардың   негізгі құзыреттіліктерінің  қалыптасуы бойынша сараптама (мониторинг нәтижелері)

3.Тақырыптық тексеріс:

«Қорытынды ұйымдастырылған  оқу қызметінің өткізу деңгейі» анықтама

4. Аттестациядан өтуге өтініш қабылдау.

5.Жазғы сауықтыру шараларын талқылау және бекіту

6. Тренинг

 

Барлық педагогикалық кеңестер дәстүрлен тыс әдіс-тәсілдер арқылы ұйымдастырылды. Әдістемелік сағаттарда педагогтермен шеберлік сағаттар мен тренингтер өткізіліп отырды. Әр педагогикалық кеңеске педагогтер бөлініп, әр педагог өз тақырыптары бойынша шеберлік сағаттар және іс-тәжірибелерімен бөлісті. Соңғы педагогикалық кеңес екі бөлімге құрылды. Бірінші бөлімі бөбекжай ішінде қорытынды есептері бойынша қорытылып, тренинг ойындарымен бекітілсе, екінші бөлімі таза ауада (выездной педсовет) педагогикалық сағат әдісі бойынша өткізілді.

Тұжырым: 2023-2024 оқу жылы бөбекжайымызда ұлттық құндылықтарды насихаттау жылы болып жарияланды. Барлық топтарға ата-аналар қолдауымен әр балаға жеке көрпешелер және де ұлттық киімдер тігілді. Әр сәрсенбі күні «Ұлттық киім» күні болып белгіленді, осы күні барлық қызметкерлер мен балалар ұлттық киіммен жүрді. Барлық топтар дамытушы орталықтарға бөлінді, бөбекжай тарапынан және ата-аналар қолдауымен топтар толықтай жабдықталды. Барлық топтарда қазақ бұрыштары құрылды, жартылай құрылған қазақ үй барлық топтың сәнін кіргізді. 

Балалармен өткізілген барлық жұмыс  жоспар бойынша жүйелі түрде өткізілді. Баланың қабілеті мен талантын дамытуға, өз-өзін дамытуына жағдай жасалды. Барлық құжаттар тігілді, жылдық жоспар бойынша жоспарлы іс-шаралар өткізілді. Әр балаға жеке көңіл бөлінді. дамытуға керектігі: дамытушы орта, жұмыстың тиімді түрлері мен әдістері, балалардың қабілеттерін ашуға жағдай жасай, дамытушы орталықтарды толықтыру мақсатымыз толықтай орындалды деп айта аламыз.

 

Просмотров: 3234


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст