«Балаларды жақсы көретін ата-аналар клубы»
24.02.2026
Мектепке дейінгі ұйымымызда отбасы мен бөбекжай арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Аналар, әжелер, әкелер» клубы жұмыс жасайды. Клубтың негізгі мақсаты – ата-аналарды тәрбиелеу мен оқыту үдерісіне белсенді тарту, бала дамуына ортақ жауапкершілікті қалыптастыру, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Клуб жұмысы бірнеше бағытта жүзеге асырылады: танымдық-тәжірибелік іс-шаралар, отбасылық шығармашылық жобалар, рухани-адамгершілік тәрбие және кітап оқу мәдениетін дамыту.
Ата-аналармен бірлескен «Су – тіршілік көзі» атты тәжірибелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты – балаларға судың маңызы мен қасиеттерін тәжірибе арқылы түсіндіру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және ата-аналарды баланың зерттеушілік қабілетін дамытуға тарту.
Іс-шара барысында:
ата-аналар мен балалар судың қасиеттеріне байланысты қарапайым тәжірибелер жасады;
суды үнемдеу жолдары талқыланды;
табиғатты қорғау туралы пікір алмасу өткізілді;
бірлескен шығармашылық жұмыстар орындалды.
Бұл шара балалардың танымдық қызығушылығын арттырып, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайтты.
https://www.instagram.com/reel/DUh4jLXDe7q/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DD6wtKANMRJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DDwhxPYtEyI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Клуб аясында «Кітап айналымы» акциясы ұйымдастырылып, ата-аналар мен балалар белсенді қатысты.
Акцияның мақсаты – отбасылық кітап оқу дәстүрін қалыптастыру, балалардың оқу сауаттылығын арттыру және көркем әдебиетке қызығушылығын дамыту.
Ата-аналар балаларымен бірге кітап оқып, мазмұны бойынша ой бөлісті. Балабақшада оқылған шығармаларға байланысты шағын талқылаулар өткізілді. Бұл жұмыс балалардың сөздік қорын байытып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал етті.
https://www.instagram.com/reel/DUh492gjdgt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Клуб жұмысының ерекше бағыты – «Әжелер мектебі».
Бұл бағытта әжелеріміз бала тәрбиесіндегі ұлттық салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, өнегелі әңгімелер мен қолөнер үлгілерін насихаттайды. Әжелер балаларға ертегі айтып, ұлттық ойындар үйретіп, тігін, тоқу, қолөнер элементтерімен таныстырады.
«Әжелер мектебі» арқылы:
ұлттық құндылықтарға құрмет қалыптасады;
үлкенге ізет, кішіге қамқорлық сезімі дамиды;
ұрпақтар сабақтастығы нығаяды.
Бұл жұмыстар балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне оң әсерін тигізуде.
https://www.instagram.com/reel/DP_l17VDADE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DPQg1hkDM32/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DAlpGSHNXuw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/p/DAlWtRMtasE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DAlOTBJt6Ef/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ата-аналар балаларымен бірге түрлі ертегі кейіпкерлерін, жануарларды және қысқы композицияларды жасап, аула көркін арттырды. Бұл шара:
шығармашылық қабілетті дамытуға;
ұжымдық бірлікті нығайтуға;
ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға ықпал етті.
Нәтижесінде балабақша ауласы әсем безендіріліп, балалардың қысқы серуендері қызықты әрі мазмұнды өтті.
https://www.instagram.com/reel/DSnFJCkjFWF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DSdgmhCjYiw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Балаларды жақсы көретін ата-аналар клубы» – отбасы мен бөбекжай арасындағы сенімді серіктестікті қалыптастыратын, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін және бала дамуына жан-жақты қолдау көрсететін тиімді алаң.
Клуб жұмысы алдағы уақытта да жаңа форматтағы бірлескен жобалармен жалғасын табады.