Ақмола облысы білім беру департаментінің Целиноград аудандық білім беру бөлімі жанындағы Қажымұқан ауылының "Қошақан" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное казенное коммунальное предприятие "Ясли-сад "Кошакан" села Кажымукан при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі ұйымдар және жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында Наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктерді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық. Әдістемелік нұсқаулық

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ ДАМЫТУ ИНСТИТУТЫ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАР ЖӘНЕ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ, ЛИЦЕЙЛЕР МЕН ГИМНАЗИЯЛАРДЫҢ МЕКТЕПАЛДЫ СЫНЫПТАРЫНДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ЕРТЕҢГІЛІКТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ

ПО ОРГАНИЗАЦИИ УТРЕННИКОВ «НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ»

 В ДОШКОЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЯХ И ПРЕДШКОЛЬНЫХ КЛАССАХ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ ШКОЛ, ЛИЦЕЕВ И ГИМНАЗИЙ

Астана 2026

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Балаларды ерте дамыту институты базасында әзірленген

Мектепке дейінгі ұйымдар және жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында Наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктерді ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық.

Әдістемелік нұсқаулық – Астана, 2026 жыл. – 5 бет.

Нұсқаулықта мектепке дейінгі ұйымдар және жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныптарында Наурыз мерекесіне арналған іс-шараларды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар қарастырылған.

Нұсқаулық білім беру ұйымдарының басшылары, балабақша әдіскерлері, педагогтері мен тәрбиешілеріне арналған.

Нұсқаулық ҚР ОМ «Балаларды ерте дамыту институтының» Ғылыми әдістемелік кеңесінде қаралып, ұсынылған (2026 жылғы 11 наурыздағы №2 хаттама).

Балаларды ерте дамыту институты, 2026 жыл

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Наурыз мейрамы - көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын, береке мен бірлікті білдіретін ежелгі мереке. Бұл мейрам қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен мәдени құндылықтарын дәріптейтін ерекше күн болып табылады. Наурыз – адамдарды татулыққа, сыйластыққа, мейірімділік пен ізгілікке шақыратын мереке.

Мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында Наурыз мерекесін атап өту балаларды ұлттық мәдениетпен таныстыруға, қазақ халқының салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Наурыз мерекесін ұйымдастыру барысында балаларға қазақ халқының ұлттық ойындары, салт-дәстүрлері, тағамдары мен әдет-ғұрыптары туралы түсініктері кеңейтіліп, дәріптеледі. Балалар тақпақ айтып, ән айтып, би билеп, ұлттық ойындарға қатысу арқылы мерекелік көңіл-күйді сезінеді. Балалардың достық қарым-қатынасы және ұлттық құндылықтарға деген құрметі қалыптасады.

Мерекелік шараларды ұйымдастыру кезінде балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру аса маңызды. Мерекелік бағдарламаның мазмұны тәрбиелік мәнге ие болып, балалардың дамуына оң әсер етуі тиіс.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде мектепке дейінгі ұйымдарда мерекелік іс-шараларды өткізу барысында балаларға жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін заманауи хит әндерді орындату, жасына сай емес би жанрларын билету, сондай-ақ мазмұны мен орындау мәнері мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін, әрі тәрбиелік мәні жоқ бейнеклиптерді қайталап сахналау үрдісі белең алып отыр.

Наурыз мерекесін мектеп жасына дейінгі балалармен атап өту – өскелең ұрпақтың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға, туған жеріне, халқына деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған маңызды тәрбиелік шаралардың бірі болып табылады.

Сондықтан мерекелік бағдарламаларда балаларға арналған әндер, халық әндері, ұлттық әуендер, ойын-би элементтері және тәрбиелік мазмұндағы шығармалар қолданылғаны жөн. Бұл балалардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Мерекелік шараларды жоспарлау кезінде педагогтер балалардың жас ерекшелігіне сай, тәрбиелік маңызы бар шығармаларды таңдап, мазмұны мен орындалуы балалардың даму деңгейіне сәйкес келуін қамтамасыз етуі қажет.

Бұл нұсқаулық меншік түрлері мен нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан (мемлекеттік, жекеменшік) мектепке дейінгі ұйымдарда Наурыз мерекесіне арналған шараларды ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету үшін әзірленді.

Мақсаты - балаларды қазақ халқының дәстүрлері мен мәдениетімен таныстыру, ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру болып табылады.

Міндеттері:

  • балаларға Наурыз мерекесінің мазмұнын түсіндіру;
  • қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары және ұлттық ойындары туралы түсініктерін кеңейту;
  • балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • сыйластыққа, бірлікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Осыған байланысты, Балаларды ерте дамыту институты түрлі ұлттық ойындарға деген қызығушылықты ояту, сондай-ақ қазақ халқының мәдени мұрасы мен дәстүрлеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында жыл сайын «Ханталапай», «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» республикалық байқаулары ұйымдастырылып отырады.

Демек, мерекелік шараларда тек ән, бимен ғана шектелмей, түрлі форматта өткізуге болады. Мұндай шаралар барысында қатысушылар қазақтың ұлттық ойындарын жаңғыртып, ұлттық өнер мен қолөнер үлгілерін таныстырады, сондай-ақ отбасы мүшелерінің бірлескен шығармашылығы мен еңбегін көрсетеді. Балалардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұйымшылдық пен ынтымақтастыққа тәрбиелеуге ықпал етеді.

Нұсқаулық білім беру ұйымдарының басшылары, балабақша әдіскерлері, педагогтері мен тәрбиешілеріне арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІС-ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

Іс-шараның форматы, мазмұны және өткізілу орны мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке қажеттіліктеріне, мектепке дейінгі ұйымдардың мүмкіншіліктерін, қауіпсіздік жағдайларын ескере отырып айқындалады.

 Сондай-ақ, іс-шараларды ұйымдастыру барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, мерекелік мәдениетті қалыптастыру, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту басты назарда болуы тиіс.

  1. Музыкалық репертуарларды таңдауға қойылатын талаптар

Мерекені атап өту кезінде музыкалық материалдар балалардың жас ерекшеліктеріне және тәрбиелік мақсатқа сәйкес болуы тиіс:

- тойларда орындалатын хит әндерді («Балқия», «Қызыл раушан», «Сен керексің» және т.б.) пайдалануға;

- мәтіні балаларға түсініксіз немесе ересектерге арналған әндерді орындауға (рэп, хип-хоп және т.б.), бейнеклиптерді қайталап сомдауға;

- шамадан тыс қатты дыбысты және агрессивті ырғақты музыкаларды қолдануға;

- музыкалық шығармалардың мазмұны мен орындау мәнері балалардың тәрбиесіне кері әсер етуі мүмкін репертуарды мерекелік шараның бағдарламасына енгізуге қатаң тыйым салынады.

Ұсынылады:

- қазақ халық әндерінің балалардың жасына сәйкес нұсқалары;

- балаларға арналған көктем, достық, табиғат туралы әндер;

- ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалатын әуендер.

Мұндай репертуарлар балалардың музыкалық қабілеттерін дамытып, ұлттық мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыруға және мерекелік іс-шаралардың тәрбиелік мазмұнын күшейтуге мүмкіндік береді.

  1. Би композицияларын ұйымдастыру

Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, би қойылымдары қарапайым, түсінікті және тәрбиелік мәні бар мазмұнда ұйымдастырылуы тиіс. Би қозғалыстары балалардың дене дамуына, қимыл үйлесімділігіне, эстетикалық талғамының қалыптасуына және мерекелік көңіл-күйдің артуына ықпал етуі қажет.

Сонымен қатар, би элементтері балалардың физикалық мүмкіндіктеріне сәйкес болып, олардың денсаулығына, көңіл-күйіне зиян келтірмейтіндей деңгейде таңдалуы маңызды:

- ересектерге арналған сахналық немесе эстрадалық би элементтерін орындауға;

- күрделі хореографиялық қозғалыстарды пайдалануға;

- мазмұны балалардың жасына сәйкес келмейтін билерді таңдауға;

- шамадан тыс сахналық грим мен костюмдер қолдануға;

- балалардың жасына сәйкес келмейтін сахналық бейнелер мен қимыл-қозғалыстарды қолдануға жол берілмейді.

Ұсынылады:

- қарапайым ұлттық би элементтері;

- ойын-би формасындағы жеңіл қозғалыстар;

- топтық және шеңбер бойымен орындалатын билер.

Мұндай би түрлері балалардың шығармашылық белсенділігін арттырып, ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын қалыптастыруға, сондай-ақ ұжыммен әрекет ету дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

  1. Қойылымдарды, ойындарды ұйымдастыру

Қойылымдар қысқа, мазмұнды және балалардың қабылдауына жеңіл, жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылып, олардың танымдық қызығушылығын арттыруға, шығармашылық белсенділігін дамытуға және ұлттық құндылықтарды таныстыруға бағытталуы қажет.

Мерекелік бағдарламаларда балаларды белсенді қатыстыру, олардың өз ойын еркін жеткізуіне және ұжымдық әрекетке қатысуына мүмкіндік беру маңызды.

Сонымен қатар, қойылымдардың мазмұны тәрбиелік бағытта, достық, бірлік, мейірімділік, үлкенге құрмет, кішіге ізет сияқты құндылықтарды насихаттауы тиіс. Мысалы:

- Наурыз көже дайындау дәстүрі туралы бірлескен әрекет;

- үлкендерден бата алу, шашу шашу дәстүрін сахналау;

- киіз үй және ұлттық бұйымдармен таныстыру;

- ұлттық ойындар, турнирлер өткізу;

- достық пен бірлік, табиғаттың жаңаруы, қорғау туралы танымдық әңгімелер;

- театрландырылған ойындар;

- шығармашылық әрекет;

- ән мен тақпақтар байқауы, айтыс;

Мұндай жұмыстар балалардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, ұлттық мәдени мұраға деген құрмет сезімін қалыптастыруға және ұжымдық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

4. Мерекелік шараларды ұйымдастыруда:

Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру барысында балалардың қауіпсіздігін, эмоционалдық жай-күйін және жас ерекшеліктерін ескеру басты назарда болуы тиіс. Мереке балаларға жағымды әсер қалдырып, олардың шығармашылық белсенділігін арттыруға және ұжымдық ортада еркін әрекет етуіне жағдай жасауға бағытталуы қажет.

Сонымен қатар, мерекелік шараларды өткізу кезінде балалардың шаршап қалмауын қамтамасыз ету маңызды. Осыған байланысты келесі талаптарды сақтау ұсынылады:

- залдың, топтың/сыныптың безендірілуі балалар үшін қауіпсіз болуы, қолжетімді материалдардан жасалып, мүмкіндігінше балалармен бірлескен шығармашылық жұмыстардың нәтижелерімен безендірілуі;

- мерекелік бағдарламаның ұзақтығы 20-30 минуттан аспауын қамтамасыз ету;

- сценарийдің мазмұны мен құрылымы балалардың жас ерекшеліктеріне және қабылдау мүмкіндіктеріне сәйкес болуы;

- барлық музыкалық және сахналық материалдарды алдын ала әдіскермен немесе жауапты мамандармен келісу;

- балалардың сахнадағы қауіпсіздігі мен эмоционалдық жай-күйіне ерекше назар аудару, артық толқу немесе шамадан тыс жүктеме болдырмау;

- отбасы мен балабақша ынтымақтастығын нығайту мақсатында «Әжелер мектебі», «Әкелер мектебі», «Жас аналар мектебінің» жұмыстарын жандандыру;

- аниматорларды және ақылы қызмет көрсететін бөгде адамдарды шақырусыз өткізу ұсынылады.

Сонымен қатар мерекелік шараларды ұйымдастыру кезінде қарапайымдылық, тәрбиелік мазмұн және ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау қағидаттарын сақтау маңызды.

Мұндай тәсіл балалардың мерекені табиғи әрі мазмұнды түрде қабылдауына, ұлттық дәстүрлермен жақынырақ танысуына және ұжымдық ортада жағымды эмоция алуына мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепалды сыныптарда Наурыз мерекесіне арналған шаралар ұлттық мәдениетті дәріптейтін, тәрбиелік маңызы жоғары іс-шара ретінде ұйымдастырылуы тиіс.

Сондықтан мерекелік бағдарламаны әзірлеу кезінде мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиелік және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін, әсіресе, той, хит әндерді орындауға, ересектерге арналған би композицияларын қоюға қатаң тыйым салынады!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Разработано на базе Института раннего развития детей

Министерства просвещения Республики Казахстан

 

 

 

 

 

 

Методические рекомендации по организации утренников «Наурыз мейрамы»  в дошкольных организациях и предшкольных классах общеобразовательных школ, лицеев и гимназий.

Методические рекомендации – Астана, 2026 год. – 5 стр.

 

 

 

 

 

 

 

В руководстве предусмотрены рекомендации по организации мероприятий, посвящённых празднованию Наурыза, в дошкольных организациях, а также в предшкольных классах общеобразовательных школ, лицеев и гимназий.

Методические рекомендации предназначены для руководителей образовательных организаций, методистов детских садов, педагогов и воспитателей.

 

 

 

 

 

 

Руководство было рассмотрено и представлено Научно-методическим советом Института раннего развития детей МП РК (от 11 марта 2026 года протокол №2)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Институт раннего развития детей, 2026 год

ПОЯСНИТЕЛЬНАЯ ЗАПИСКА

 

Праздник Наурыз — древний праздник, символизирующий приход весны, обновление природы, изобилие и единство. Этот день является особенным, поскольку он прославляет национальные традиции и культурные ценности казахского народа. Наурыз — праздник, который призывает людей к согласию, взаимному уважению, доброте и милосердию.

Празднование Наурыза в дошкольных организациях и предшкольных классах общеобразовательных школ предоставляет возможность познакомить детей с национальной культурой и воспитать у них уважение к традициям и обычаям казахского народа.

В ходе организации праздника Наурыз у детей расширяются представления о национальных играх, традициях, блюдах и обычаях казахского народа. Дети читают стихи, поют песни, исполняют танцы и принимают участие в национальных играх, благодаря чему ощущают праздничную атмосферу. Формируются дружеские взаимоотношения между детьми и уважительное отношение к национальным ценностям.

При организации праздничных мероприятий особенно важно учитывать возрастные и индивидуальные особенности детей. Содержание праздничной программы должно иметь воспитательное значение и оказывать положительное влияние на развитие детей.

В настоящее время в социальных сетях наблюдается тенденция, когда во время проведения праздничных мероприятий в дошкольных организациях детям предлагают исполнять современные хитовые песни, танцевальные жанры, не соответствующие возрасту, а также воспроизводятся и инсценируются видеоклипы, содержание и манера исполнения которых не соответствуют возрастным особенностям детей дошкольного возраста и не несут воспитательной ценности.

Празднование Наурыза с детьми дошкольного возраста является одной из важных воспитательных форм работы, направленных на формирование у подрастающего поколения национального самосознания, любви к родной земле и своему народу.

Поэтому в праздничных программах целесообразно использовать детские песни, народные песни, национальные мелодии, игровые и танцевальные элементы, а также произведения воспитательного характера. Это способствует формированию эстетического вкуса у детей и повышает их интерес к национальной культуре.

При планировании праздничных мероприятий педагогам необходимо подбирать произведения, соответствующие возрастным особенностям детей и имеющие воспитательное значение, а также обеспечивать соответствие содержания и исполнения уровню развития детей.

Данное руководство разработано для оказания методической помощи в организации мероприятий, посвящённых празднику Наурыз, в дошкольных организациях независимо от формы собственности и ведомственной принадлежности (государственных и частных).

Цель — ознакомление детей с традициями и культурой казахского народа, формирование уважительного отношения к национальным ценностям.

Задачи:

- разъяснение детям содержания праздника Наурыз;

- расширение представлений о традициях, обычаях и национальных играх казахского народа;

- развитие творческих способностей детей;

- воспитание уважения, единства и дружеских взаимоотношений.

В связи с этим Институт раннего развития детей ежегодно организует республиканские конкурсы «Ханталапай» и «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала», направленные на пробуждение интереса к национальным играм, а также на формирование чувства гордости за культурное наследие и традиции казахского народа.

Таким образом, праздничные мероприятия могут проводиться не только в формате песен и танцев, но и в других формах. В ходе таких мероприятий участники возрождают национальные игры, демонстрируют образцы национального искусства и ремесел, а также представляют совместное творчество и труд членов семьи. Это способствует не только повышению интереса детей к национальной культуре, но и развитию их творческих способностей, воспитанию организованности и сотрудничества.

Методические рекомендации предназначены для руководителей образовательных организаций, методистов детских садов, педагогов и воспитателей.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОРГАНИЗАЦИЯ МЕРОПРИЯТИЙ

 

Формат, содержание и место проведения мероприятия определяются с учётом возрастных и индивидуальных особенностей детей дошкольного возраста, возможностей дошкольных организаций и требований безопасности.

Кроме того, при организации мероприятий особое внимание должно уделяться популяризации национальных ценностей, формированию праздничной культуры и развитию творческих способностей детей.

1. Требования к подбору музыкального репертуара

При проведении праздника музыкальный материал должен соответствовать возрастным особенностям детей и воспитательным целям?

- использовать популярные хитовые песни, исполняемые на тоях («Балқия», «Қызыл раушан», «Сен керексің» и др.);

- исполнять песни с текстом, непонятным детям, либо предназначенные для взрослой аудитории (рэп, хип-хоп и др.), а также воспроизводить и инсценировать видеоклипы;

- использовать чрезмерно громкую музыку и композиции с агрессивным ритмом;

включать в праздничную программу музыкальные произведения, содержание и манера исполнения которых могут негативно повлиять на воспитание детей строго запрещается.

Рекомендуется использовать:

- варианты казахских народных песен для детей в соответствии с их возрастом;

- детские песни о весне, дружбе и природе;

- мелодии в сопровождении национальных музыкальных инструментов.

Такие репертуары способствует развитию музыкальных способностей детей, повышает интерес к национальному культурному наследию и усиливает воспитательное содержание праздничных мероприятий.

2. Организация танцевальных композиций

С учётом возрастных особенностей детей танцевальные постановки должны быть простыми, понятными и иметь воспитательное содержание. Танцевальные движения должны способствовать физическому развитию детей, координации движений, формированию эстетического вкуса и созданию праздничного настроения.

Кроме того, элементы танца должны соответствовать физическим возможностям детей и не наносить вред их здоровью и эмоциональному состоянию:

- использование сценических или эстрадных танцевальных элементов, предназначенных для взрослых;

- применение сложных хореографических движений;

- выбор танцев, содержание которых не соответствует возрасту детей;

- использование чрезмерного сценического грима и костюмов;

- применение сценических образов и движений, не соответствующих возрасту детей не допускается.

Рекомендуется:

- использование простых элементов национального танца;

- лёгкие движения в игровой танцевальной форме;

- танцы групповые и исполняемые в кругу.

Такие виды танцев способствуют повышению творческой активности детей, формируют интерес к национальной культуре, а также развивают навыки коллективного взаимодействия.

3. Организация постановок и игр

Постановки должны быть короткими, содержательными, легко воспринимаемыми детьми и соответствовать их возрастным особенностям. Они должны быть направлены на развитие познавательного интереса, творческой активности и знакомство с национальными ценностями.

В праздничных программах важно активно вовлекать детей, предоставляя им возможность свободно выражать свои мысли и участвовать в коллективной деятельности.

Содержание постановок должно иметь воспитательную направленность и пропагандировать такие ценности, как дружба, единство, доброта, уважение к старшим и заботливое отношение к младшим.

Например:

- совместная деятельность, посвящённая традиции приготовления Наурыз көже;

- инсценировка традиций получения благословения (бата) от старших и обряда «шашу»;

- знакомство с юртой и национальными предметами быта;

- проведение национальных игр и турниров;

- познавательные беседы о дружбе и единстве, обновлении и охране природы;

- театрализованные игры;

- творческая деятельность;

- конкурсы песен и стихов, айтыс.

Такие формы работы не только повышают интерес детей, но и способствуют формированию уважения к национальному культурному наследию и укреплению коллективного взаимодействия.

4. При организации праздничных мероприятий

При проведении праздничных мероприятий особое внимание должно уделяться безопасности детей, их эмоциональному состоянию и возрастным особенностям. Праздник должен оставлять у детей положительные впечатления, способствовать повышению их творческой активности и создавать условия для свободного участия в коллективной деятельности.

Важно также предотвращать переутомление детей. В связи с этим рекомендуется соблюдать следующие требования:

- оформление зала, группы или класса должно быть безопасным для детей, выполненным из доступных материалов и, по возможности, включать результаты совместной творческой деятельности детей;

- продолжительность праздничной программы не должна превышать 20–30 минут;

- содержание и структура сценария должны соответствовать возрастным особенностям и возможностям восприятия детей;

- все музыкальные и сценические материалы должны быть заранее согласованы с методистом или ответственными специалистами;

- необходимо уделять особое внимание безопасности детей на сцене и их эмоциональному состоянию, избегая излишнего волнения и чрезмерной нагрузки;

- в целях укрепления сотрудничества семьи и детского сада рекомендуется активизировать работу «Школы бабушек», «Школы отцов», «Школы молодых матерей»;

- рекомендуется проводить мероприятия без приглашения аниматоров и сторонних лиц, оказывающих платные услуги.

Также при организации праздничных мероприятий важно соблюдать принципы простоты, воспитательной направленности и популяризации национальных культурных ценностей.

Такой подход позволяет детям естественно и содержательно воспринимать праздник, ближе знакомиться с национальными традициями и получать положительные эмоции в коллективной среде.

Мероприятия, посвящённые празднику Наурыз, в дошкольных организациях и предшкольных классах должны организовываться как значимые воспитательные события, направленные на популяризацию национальной культуры.

По этому при разработке праздничной программы строго запрещается включать номера, не соответствующие воспитательным и психологическим особенностям детей дошкольного возраста, в частности исполнять той-хиты и популярные песни, а также ставить танцевальные композиции, предназначенные для взрослых.


Текст