«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша
білім бөлімінің жанындағы Қажымұқан ауылының МКҚК «Қошақан» бөбекжайында консультациялық пункттің жұмыс жоспары бойынша қыркүйек айында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста консультативтік пунктің жұмыс жоспары таныстырылды. Бөбекжай меңгерушісі Утегулова А.У. жалпы бөбекжайдың ішкі ережесі мен ата-аналарға қойылатын талаптармен таныстырды. Бөбекжай әдіскері Донбаева Э.Б. бөбекжайдың оқу-тәрбие процесінің жұмыс жоспары мен бөбекжайдың негізгі заңнамалық құжаттармен таныстырды. Бөбекжай педагог-психологы Бегалиева У.М. ата-аналармен психологиялық тренинг өткізді. Бөбекжай медбикесі Исмаилова А.Е. ата-аналарға балалардың денсаулығын нығайту туралы кеңес жүргізді.