Ән салғызып, билетіп,
ылғи бізбен жүреді.
Тақпақты да үйретіп,
Ойната да біледі.
Қызық-қызық ертектер
Біздерге оқып береді.
Жылауық та, тентек те
Сол апайға көнеді
Естіп кейде қаламын,
Тәрбиеші апайды
"Қамқоршысы баланың"
Деп ауылда атайды
«Ел есіңде бір жыл қалғың келсе - ас бер, он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз. Баланың ой - өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан. Бала тәрбиесіндегі тәрбиешінің жоғары кәсіби шеберлігін «Үздік тәрбиеші» байқауларында көруге болады. Осы жылы аудандық қашықтықтан ұйымдастырылған «Үздік тәрбиеші -2021» байқауында ауданның 10 балабақшалары қатысты. Біздің бөбекжай атынан Сырымбетова Индира Зейнадиновна қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Индира Зейнадиновна, сізді жетістігіңізбен құттықтаймыз, денсаулық, отбасыңызға амандық,