Ақмола облысы білім беру департаментінің Целиноград аудандық білім беру бөлімі жанындағы Қажымұқан ауылының "Қошақан" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное казенное коммунальное предприятие "Ясли-сад "Кошакан" села Кажымукан при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ата-баба, асыл қазынам" әдістемелік бірлестігінің онкүндігі

23.02.2021

"Қошақан" бөбекжайының жылдық жоспарына сәйкес, 5-19 қаңтар аралығында "Ата-баба, асыл қазынам" әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өтті. Онкүндікте ересек пен мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері мен әдістемелік бірлестігінің педагогтары белсенді қатысты. Осы онкүндік барысында педагогтар ашық оқу қызметтерін, ойыс-сауық, спорттық ойын мен басқа да іс-шаралар көрсетті.  "Театр бала өмірінде" атты сюжетті-рөлдік ойын жоғары деңгейде өтіп, ересек "Балақай" тобының балалары шын мәнінде театр әлеміне барғандай болды. Олар театр  да өздерін қалай ұстауға, тыныштық сақтауға, ережелерге бағынуға үйренді. Сонымен қатар, "Қазыналы мекенге саяхат" іс-шараны да ерекше айтып кетуге болады. Бұл шара ересек "Балдаурен" тобында ұйымдастырылып, өткізілген болатын. Іс-шара барысында балалар өз елінің саяхат жасап, көптеген мағлұмат алды. Барлық іс-шаралар, ұйымдастырылған оқу қызметтер санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес өткізіліп, педагогтарға тәжірибе алмасу ретінде видеожазба жазылып, таратылды. Онкүндік қорытындысы №3 педагогикалық кеңесте талқыланды.

 

Просмотров: 208


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст