19 ақпанда 2021 жылы ата-аналарға арналған қашықтық форматта ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысына 45 ата-ана қатысты. Ауылдағы интернет желісі төмен болғандықтан, кіре алмағандар болды. Күн тәртібінде: 1.«Ерте жастағы балалардың дамуы үшін психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасау» тақырыбында ата-аналарға бейнедәріс ұсынылды. Осы бейнедәрісте Бөбекжай психологі Боранбаева Г. Т. ерте жастағы баланың дамуы, балабақшаға бейімделу кезеңдері туралы мағлұмат берді. Бірлесе отырып, қандай психологиялық-педагогикалық жағдай жасалатыны туралы айтылды. 2. «Қошақан» бөбекжайының жұмыс жасау тәртібі туралы балабақша меңгерушісі Утегулова А.У. өзі мағлұмат берді. Қаңтар айынан бастап, балабақша бөбекжай болып ауысып, балаларды 2 жастан қабылдауға бастағанымыз туралы айтты. Балабақшаға кезекке тұру, жалпы жұмыс тәртібі, жасалып жатқан іс-шаралар бойынша түсіндірді. Онлайн жиналыс барысында ата-аналардың қойылған сұрақтарына жауап беріп, кері байланыс жасалды.