Ақмола облысы білім беру департаментінің Целиноград аудандық білім беру бөлімі жанындағы Қажымұқан ауылының "Қошақан" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное казенное коммунальное предприятие "Ясли-сад "Кошакан" села Кажымукан при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ана-аса қымбатты жан" атты аналарға арналған мерекелік ертеңгілік

11.03.2021

             8 наурыз мейрамы, ең нәзік, ең ғажайып мерекелердің бірі. Бұл мереке көктемнің жаршысы! Осы күнде айтылатын барлық өлеңдер, әндер, билер біздің қымбатты ана-әжелерімізге, қыздарға айтылады!   Жыл сайын мереке қарсаңында  ана-әжелерімізге арнап барлық топтарда өлең, ән жаттап, би қимылдарын үйренеді.

             Аналар мерекесі біздің бөбекжайымызда 4-5 наурыздарында өтті. Карантин жағдайына байланысты ертеңгіліктер топтарында ұйымдастырылып, балалардың шығармашылығын видеоға түсіріп, ата-аналарына жіберілді. Ерекше атап өтетін болсақ, ортаңғы «Балапан» мен «Бүлдіршін» топтарының «Кішкентай аралар» биі барлығының көңілін көтерді. Ересек топтарының ертеңгіліктері жоғары деңгейде өтті. Балалар белсеңділік танытып, аналарына, әжелеріне арнап өлеңдерін оқыды, әндерін айтып, би биледі. Музыка жетекшісі Искакова А.Б. жетекшілігімен ұйымдастырылған «Көңілді оркестр» өте жақсы музыкалық сәлемдеме болып шықты. «Аналар көмекшілері» атты ойын да өте көңілді болды. Ұлдарымыз аналарының орнына болып, үйде сыпырды, тамақ та әзірледі, баланы да уатты, кір де жуды. Аналардың еңбегі қиын екенің түсінді. Ең ерекше мерекелік топты безендіруде «Балдаурен» тобы көзге түсті. Топтың атмосферасы ғажайып әлемде жүргендей әсерлі болды, осымен басқа топтардың безендіруінен ерекшеленді. Мектепалды «Балдырған» топтарындағы «Айналайын ақ мамам» атты ертеңгілігі  ән, өлең, бимен қатар, театрландырылған көрініс «Үш әже» барлық балаларды күлдіріп, көңілді көтерді. Ағылшын тілде айтылған «Happy mother’s day!» әні бүлдіршіндердің ағылшын тілін де ұмытпағанын көрсетті.

             Әрине, аналардың қатысуымен өтетін ертеңгілікке не жетсін! Бірақ, балалардың денсаулығы бәрінен де маңызды. Кішкентай балапандарымыз өз жүректеріндегі жылулығын видео арқылы аналарына жіберуге тырысты.

 

Просмотров: 170


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст