Ақмола облысы білім беру департаментінің Целиноград аудандық білім беру бөлімі жанындағы Қажымұқан ауылының "Қошақан" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное казенное коммунальное предприятие "Ясли-сад "Кошакан" села Кажымукан при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мектепке дейінгі жастағы балаларға шахмат ойынын үйрету жолдары" аудандық онлайн семинар

24.05.2021

МКҚК «Қошақан» бөбекжайында 2021 жылғы 21 мамырда мектепке дейінгі ұйым қызметкерлеріне арналған онлайн семинар өтті. Семинар тақырыбы «Мектепке дейінгі жастағы балаларға шахмат ойынын үйрету жолдары» болды.

Мақсаты:

Балаларға шахмат ойынын вариативтік бөлімі арқылы үйрету жолдарымен ауданның мектепке дейінгі ұйым педагогтарды таныстыру, тәжірибе алмасу.  

Семинарға барлық мемлекеттік балабақша және де бөбекжайымыздың барлық тәрбиешілер мен педагогтар қатысты.

Осы семинар барысында ересек  «Балақай» мен «Балдаурен» топтарымен бірге мектепалды даярлық топтары «Шахмат» вариативтік бөлімі бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтерін видеоформатта көрсетті.

Семинар бөбекжай меңгерушінің алғы сөзімен басталып, әдіскер Сабырова А.Т. дайындаған «Мектепке дейінгі жастағы балаларға шахмат ойынын үйрету» тақырыптағы презентациямен жалғасты. Презентация барысында Асемгуль Турлюбековна шахматтың бала өміріндегі маңызы туралы, үйретудегі әдіс-тәсілдерімен, қолдануға болатын технологияларымен таныстырып өтті. Сонымен қатар, семинар тыңдаушыларға шахмат туралы мәлімет, ойынын ережелерімен таныстырды.

Ересек «Балдаурен» тобының тәрбиешісі Мусаева М.Ә. «Шахмат еліне саяхат» тақырыбы бойынша шахмат шығу тарихымен балаларды көрініс арқылы таныстырып, қызығушылықтарын арттыра білді. Оқу қызметі барысында балалар белсенділік танытып, фигуралардың атауларын атап, әрқайсысының жүрістерін көрсетті. Оқу қызметі балалардың да, көрермендердің де көңілінен шықты.

Семинар бағдарламасын ересек «Балақай» тобы жалғастырды. «Профессор мен білгіштер ойыны» тақырыбында тәрбиеші Жумагамбетова Г.К. ұйымдастыруымен  шахмат фигура ферзь бен пешканын жүрісімен таныстыра отырып, балалар мат қою жолы көрсетілді. Балалар шахмат фигуралары рөлінде болып, жаттаған өлең жолдары арқылы өздерін таныстырды. Педагог алдына қойған мақсатына жетті.

Мекпеталды даярлық тобында «Шахмат-спорт ойыны» тақырыбында, тәрбиеші Аманкулова А.И.  ойын түрінде балалардың қандай деңгейде шахматты меңгергенін көрсетті. Балалар шахматтық магнитті тақтада да, сондай-ақ едендік шахмат жаймасында да, үстел үстінде шахмат жиынтығында да дағдыларын меңгергендерін көрсете білді.  

Сонында семинар қатысушыларға,  «Қошақан» бөбекжайының кішкентай өнерпаздары «Шахмат елінде» тақырыбында музыкалық би көрсетілімі бойынша  өз өнерлерін көрсетті.

Семинар жақсы деңгейде өтіп, қойған мақсатына жетті.

Просмотров: 300


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст