1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады.
Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер. Мемлекеттік рәміздер- Көк байрақ, Елтаңбажәне Әнұран.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес, жыл сайын 4 маусым Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Сондықтан республика азаматтарының мемлекеттік рәміздерді қастерлеу - парыз.
Біздің бөбекжайымызда мерекеге орай, кішкентай бүлдіршіндерге "Өз еліннің рәміздерін білесің бе?", " Біздің еліміздің Тәуелсіздік нышандары!" тақырыпта барлық топтарға арналған іс-шаралар өткізілді. Бұл шаралардың мақсаты, мектепке дейінгі жастағы балаларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен таныстыруды жалғастыру, танымдылық қызығушылықтарын арттыру, мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін кеңейту, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, тарихын, салт-дәстүрін құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу,Отанына деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін ояту болды.