Жаздың бірінші айы, 1 және 4 маусым "Қош келдің, көңілді жаз" апталығымен басталды. Апталық, "Халықаралық балаларды қорғау күні" тақырыбында, педагогтардың ұйымдастыруымен көңілді мерекелік бағдарлама, сүйікті мульфильм кейіпкерлерімен кездесуі, түрлі ойындарды ойнатып, өткізілді. Мультфильм кейіпкерлері болып, бөбекжайымыздың қызметкерлері киініп, бөбектердің көңілдерін көтерді. Іс-шара таза ауада өткізілді. Маусымның екінші күні "Күн күні" тақырыбында өтті. Барлық күн тәртібі бойынша режимдік сәттер күнге арналды. Балалар күнмен танысты, өміріміздегі алатын орнын білді, эксперимент жасады."Қалай дұрыс күнге күю керек", "Күн денсаулыққса зиян тигізуі мүмкін бе" тақырыбында әңгімелер жүргізілді. 3 маусым "Қоршаған ортаны қорғау күні" арналды. Бөбекжай тәрбиеленушілері табиғатта мінез-құлық ережелерімен танысты, сурет салып, қолөнермен айналысты. Табиғатты қалай құрметтеп, аялауға үйренді. 4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні болғандықтан, аптаны осы мереке аяқтады. Жаздың бірінші апталығы жақсы өтті.