Маусым айының екінші аптасы "Жазғы қуаныш" атты тақырыпта өтті. Бұл апталыққа "Жазғы табиғат күні", "Жел күні", "Құм күні", "Ауа күні" мен "су күні" кірді. Күн сайын, педагогтар балаларға табиғат құбылыстарының ерекшеліктерімен таныстырып отырды. Мысал ретінде келтірсек, ол "Жазғы табиғат күні", балалар, бөбекжай ауласына экскурсияға шығып, айналасында қандай өсімдіктер өсіп жатқанын көріп, ағаштар мен гүлдерді суарып, қоқысты жинады. Ұнаған табиғат құбылыстарын, объектілерін суретке салды. "Жел күні" тікұшық жасап, батпырауық екеуін ұшырып, желдің бағытын бақылады. "Құм күні" құмның құрамын зерттеп, құмға сурет салып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. "Ауа қайда жасырынған" тақырыбындағы эксперимент арқылы, педагогтар, бүлдіршіндерге ауанын не екені, не үшін керектігі туралы жеткізуге тырысты. «Су күні» де балалар үшін қызықты болды, онда олар су туралы, судың қасиеттері мен күші туралы білімдерін толықтырды, ойнады және жұмбақтар шешті. «Жазғы қуаныш» аптасы сабын көпіршіктері ойындармен аяқталды.