Ақмола облысы білім беру департаментінің Целиноград аудандық білім беру бөлімі жанындағы Қажымұқан ауылының "Қошақан" бөбекжай-бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное казенное коммунальное предприятие "Ясли-сад "Кошакан" села Кажымукан при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпы ата-аналар жиналысы №1

23.01.2024

2023-2024 оқу жылының жалпы ата-аналар  жиналысының

 №1 хаттамасы

 

Мерзімі: 12.10.2023 ж

Қатысушылар: тәрбиешілер, педагогтар, ата-аналар

Тақырыбы: «Ата-ана, бала, бөбекжай – үштігі»

Мақсаты: ата-аналардың білім беру процесіне тарту, педагогикалық

ұжымның алдында тұрған міндеттерді бірге шешуге шақыру, ата-аналардың балабақша өміріне деген қызығушылықтарын арттыру және бірлесе жұмыс жасауға тарту, тегін тамақтану туралы ақпарат беру.

 

                                            

Күн тәртібі:

  1. 1.1. Ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтау.

1.2.Бөбекжай педагогтарымен  таныстыру. 

1.3. «Тегін тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы» қаулымен таныстырды.

           меңгеруші: Утегулова Аманкуль Утешовна

2. Ата-аналарды бөбекжай өмірімен, күн тәртібі, ҰІӘ кестесімен, балаларды жасына сай топтарға үйлестіруімен таныстыру

Әдіскер: Донбаева Эльмира Базарбаевна

3. Ойын - тренинг  «Қадам жаса» , «Ыстық картоп»

Бөбекжай психологы  Бегалиева Улжалгас Мухаметкасымовна

4. Ата-аналарға кеңес: «Бала денсаулығын нығайтамыз»

 медбике: Исмаилова Айнур Еркешовна

 

5. Қамқоршылық кеңес ұйымын сайлау. Аналар, әжелер, әкелер мектебін құру. Жалпы бөбекжай бойынша ата-аналар комитетін сайлау

6. Әр түрлі мәселелер

 

Тыңдалды:

1.Бірінші мәселе бойынша бөбекжай  меңгерушісі Утегулова Аманкуль Утешовнаға сөз беріледі.  Жаңа оқу жылымен құттықтап бөбекжайда қызмет атқарып жүрген педагогикалық кадрмен таныстырды.

Бөбекжайда  17 педагог маман, оның ішінде 1 меңгеруші, 1 әдіскер,

11 тәрбиеші және 1 дене шынықтыру нұсқаушысы, 1 музыка жетекшісі,

1 психолог, 1 логопед маманы және 1 хореоргаф маман жұмыс жасайды.

 

Педагогтер тізімі

 

Меңгеруші

Утегулова Аманкуль Утешовна

санатсыз

Әдіскер

Донбаева Эльмира Базарбаевна

санатсыз

«Балбөбек»  кіші тобы 2 жас

Кадирова Гульзат Калихановна Тугелбай Жаңыл Қонысбекқызы

Педагог-модератор

санатсыз

«Балақай» ортаңғы топ 3 жас

Донбаева Эльмира Базарбаевна Каратаева Ақнұр Нұржанқызы

Педагог-модератор

санатсыз

«Балдәурен»  ортаңғы топ 3 жас

Өсер Гүлжанар Берікқызы Доскеева Айжан Кыдырбаевна

Педагог-модератор

санатсыз

«Балапан» ересек топ 4 жас

Аманкулова Алмагуль Имангалиевна

Алдашова Гулшахара Турдыгуловна

Санатсыз

 

санатсыз

«Бүлдіршін» ересек топ 4 жас

Жумагамбетова Гульмира Кайруллиевна

Педагог-модератор

 

«Айгөлек» мектепалды даярлық топ 5 жас

Боранбаева Гульзира Талгатқызы Жармағамбетова Сауле Жумагазовна

Педагог-модератор

санатсыз

Музыка жетекшісі

Искакова Акгул Бекеновна

Педагог-сарапшы

Дене шынықтыру нұсқаушысы

Дунбаева Алмагуль Кабидулаевна

Педагог-модератор

 

Психолог

Бегалиева Улжалгас Мухамедкасымовна

Педагог-модератор

Логопед

Кенжегалиева Тлектес Кенжегалиевна

Педагог-модератор

Хореограф

Абуталипова Айдана Дюсюмбаевна

санатсыз

 

Айта кететін тағы бір мәселе

2023 ЖЫЛЫ  1 ШІЛДЕ АЙЫНАН БАСТАП

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІНІҢ  № 249 ҚАУЛЫСЫ ШЫҚТЫ  

«Ақмола облысы мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы» яғни 

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. Атаулы әлеуметтік көмек  алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
  2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;
  3. Көп балалы отбасылардан шыққан балаларға

Қазіргі таңда 1 шілде ден бастап 45 бала тегін тамақтанады. Әр ай сайын құжаттар қабылданып толықтырылып отырады.

 

 

2. Келесі күн тәртібі  бойынша Әдіскер Донбаева Э.Б.  сөз берілді.

Құрметті ата-аналар, бүгінгі «Ата-ана, бала, бөбекжай – үштігі»

атты жалпы ата-аналар жиналысына қош келдіңіздер!  

Сіздерді жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі күні алдымызда томпаңдап жүгіріп жүрген балаларымыздың ертеңгі күні жарқын болсын.

Биылғы 2023-2024 оқу жылында бөбекжайымызда  6 топ жұмыс жасайды.

140 бала. Бір кіші, екі ортаңғы, екі ересек, бір МАД тобы жасақталған.

Бөбекжайымызда ұйымдастырылған іс-әрекеттері мемлекеттік тілде, мемлекеттік құжат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалпыға Міндетті Білім Беру Стандартын негізге ала отырып   іс-әрекеттер кестесі бекітіліп күнделікті ұйымдастырылған іс-әрекеттер жүргізіледі.

Бөбекжайымызда күнделікті ертеңгілік жаттығулар, күн сайын  мемлекеттік әнұран айтумен басталады.  Жылдық жоспарға сай ашық есік күндер ұйымдастырылады. Ашық есік күндері ата-аналар бөбекжайдағы балаларыныздың 1 күндік күндерін бақылай аласыздар.

 

Бөбекжайымыздын күн тәртібінің кестесі  және ұйымдастырылған іс-әрекетінің кестесі

 

Мерекелік ертеңгіліктер, көрмелер, ата-аналармен жинындар, спорттық жанұялық эстафеталық ойындар ұйымдастырылып, басқа да мәселелер талқыланады.  Педагогтардың барлығы аудандық семинарлар өткізіп, аудан көлемінде басқа да қоғамдық іс-шараларға белсене ат салысып жұмыс жасайды және әр түрлі шығармашылық байқау, конкурстарына балаларды қатысыру зейін шығармашылық дағдыларын қалыптастыруда.

Айта кетсек 2022-2023 оқу жылында бөбекжайымызда аудандық семинар өтті. Семинар аудан көлемінде өтті, ауыл-аймақтардан педагогтар келіп тәжірибе алмасты, аудандық білім бөлімінің әдіскері Гульвира Серікбаевна келіп тәжірибе алмасқан педагогтарды сертификаттармен марапаттады.

Аудан көлемінде ұйымдастырылатын сайыстарға ата -аналарға да ат салысып ұйымдастырылатын турнир, сайыстарға қатысып тұруларыныз сұралады.

Бөбекжайдың  жұмыс уақыты таңғы сағат 7.30 -дан бастап кешкі 18.00-дейін.

Таңертеңгі қабылдау мен кешкі уақытта уақытында алып кетулеріңіз сұралады. Балалардың төлемақысы әр адың 10-ына дейін алдын ала тқленіп отыруы тиіс. Ай сайын топ тәрбиешілері меңгерушіге есеп беріп отырады.

 

3. Үшінші мәселе бойынша бөбекжай психологы Бегалиева У.М.  ата-аналар арасында ойын-тренингін өткізді. Ата-аналар тренингтен жақсы әсер алып, ойларымен бөлісті.

 

4. Төртінші мәселе бойынша Ата-аналарға «Бала денсаулығын нығайтамыз» тақырыбында кеңес берілді. Балалардың тазалығы мен денсаулығына қарау керектігін нақтыланып айтылды.

 медбике- Исмаилова А.Е.

 

5.Бесінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес ұйымын сайлау. Аналар, әжелер, әкелер мектебін құру. Жалпы бөбекжай бойынша ата-аналар комитетін сайлау тақырыбы талқыланып мүшелері тағайындалды.

 

 

Ата-аналар комитетінің төрайымы Тасболатова Умит ханым ата-аналар қалауымен 2023-2024 оқу жылына сайланды. Қамқоршылық кеңес мүшелері мен Аналар, әжелер, әкелер мектебінің мүшелері сайланды.

 

- Шешімі:

Білім беру процесіне ата-аналар үнемі тартылып отырсын

Қамқоршылық кеңес пен аналар, әжелер, әкелер мектебінің мүшелері бөбекжаймен тығыз қарым-қатынас орнатылсын.

 

Бүгінгі өтілген ата-аналар жиналысы бойынша қортынды жасалды.

Ешқандай ата-аналардан қарсылық болған жоқ. Барлық  жағдайға келісті.

 

 

меңгеруші:                                   Утегулова А.У.

 

әдіскер:                                         Донбаева Э.Б.

 

хатшы:                                          Доскеева А.К.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Просмотров: 5105


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст