Соғыс шайқап, күңіренген балалық.
Қайғыменен атып таңдар, батты күн.
Соғыс таптап балалықтың шаттығын
Сәби болып олар ойнап, күлмеді,
Көкіректе жара болып батты мұң!
Сирегенде қалың қара орманы,
Жоғалғандай үміт, тілек, арманы.
Азаматтар аттанғанда майданға,
Тылда қалып олар да ел қорғады.
Егін салды, шөп те шапты, мал бақты
Салған сәтте ауыр тұрмыс салмақты,
Тылда олар атқарғанда зор еңбек,
Тек майданға, тек жеңіске арнапты.
Бүгін олар – данқтылар, ұлылар,
Бұның сырын саналы жан ұғынар.
Соғыс таптап балдәуренін жоғалтқан,
Сол жылдардан ала алмаған құны бар.
Заман өтсін, болсын ерте, кеш мейлі.
Сол қасірет санамыздан өшпейді.
Ештеңе де ұмытылмас ешқашан!
Қиянатты тарих та кешпейді.
«Қошақан» балабақшасының тәрбиешісі
Жумагамбетова Гульмира Кайруллиевна
04.05.2020 жыл
*** *** ***
Ешқашан да, ешнәрсе де ұмытылмайды
Аспан – бұлтты, бала – жетім, ана – жесір,
Сұрапыл заман өтті небір кесір.
Даланың бейқам бұзған тіршілігін
Жеңген атам – қазағым зұлымдығын.
Төңіректі шолған ол зұлым заман,
Қыршын кетті қанша жас, неше адам.
Ұрпағының бейбіт өмір сүруі үшін,
Жасалды қанша бейнет, қанша қадам.
Сұрапыл, сұм соғыста ерлік қылған,
Әр адам, нағыз батыр, батыр-жылдар.
Атамның әр ерлігін, әр қимылын,
Өлең етіп жазамын қанша жылдар...
Бұл ерлік ешқашан да еш кетпейді,
Ешкімде ұмытпайды, шеттетпейді.
Бүгінде көзі тірі ардагерлер,
Мәңгілік жасаса екен деп тілеймін.
Мың тағзым ата-баба рухына,
Разы болсын бір Алла деп тілеймін.
Тәуелсіз, даңғыл елміз күні бүгін,
Елім тыныш, ұлт тыныш – ұлылығым.
Әр сәбидің тыныш ұйықтағандығы,
Несібесі балалардың соны ұғын.
«Қошақан» балабақшасының тәрбиешісі
Донбаева Эльмира Базарбаевна
01.05.2020 жыл
Сағат 03.50