Текст
2020 жылғы қазан айының 1 – 9 аралығында, балабақшамызда жылдық жоспарға сәйкес «Табиғат- біздің ортақ үйіміз» атты эко-акция өтті. Бұл іс- шараның негізгі мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, оны қорғауға тәрбиелеу, табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру болып алынды. Эко-акцияға балабақшаның тәрбиеленушілерімен қатар, ата-аналар қауымдастығы қатысты. Ата-аналар мен бүлдіршіндер сурет салып, табиғи қалдықтардан түрлі бұйымдар жасап, видео түсірді. Балалардың жұмыстарын балабақша Instagram парақшасы мен YuoTube каналына жүктелді.